25 қазан 2016 | 13:07

Мәжілісмендер Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығында көшпелі отырыс өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© el.kz © el.kz

Кеше Мәжілістің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанованың қатысуымен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" дирекциясында көшпелі отырыс өткізіп, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмыс тобында талқылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Кеше Мәжілістің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанованың қатысуымен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" дирекциясында көшпелі отырыс өткізіп, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмыс тобында талқылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесі жайында депутаттар мен жұмыс тобының мүшелерін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасарлары Алексей Цой және Светлана Жақыпова таныстырды.

Аталған шарада жеке тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы ақпараттар мен жарналар/төлемдер туралы мәліметтерді алу бойынша "Төлемдерді ұйымдастыру мен өңдеу" ақпараттық жүйесі "Жарна мен төлемдерді жинау" модулінің, "Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі "Медициналық қызмет тұтынушыларының тіркелімі" модулінің қызмет көрсету мүмкіндіктері қарастырылды.

Таныстырылған ақпараттық жүйелер жарналар мен төлемдерді тіркеудің, Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында сақтандылырған азаматтарды есепке алудың ашықтығын, сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Депутаттармен бірге басқосуға мемлекеттік органдардың, парламентке енбеген партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мұның алдында і Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Павлодар облысында "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарының 99-қадамын жүзеге асыру мониторингі шеңберінде қоғамдық кеңестер: жұмысының алғашқы нәтижелері, туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және алға қоятын мақсаттар" деген тақырыпта көшпелі отырыс өткізді.

Отырыста:

1) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданудың талдауы;

2) қоғамдық кеңестер туралы заңнамасында құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын коллизиялар және олқылықтар;

3) қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру ұсыныстары талқыланды.

Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктерін жүзеге асыру, қоғамдық маңызы бар сұрақтар бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қоғамдық институттар мен азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Көшпелі отырыс барысында Комитет депутаттары 2016 жылғы 20 қазанда өткен Павлодар және Ақсу қалаларының Қоғамдық кеңестері отырыстарына қатысты. Бұл отырыстарда тұрғындар кондоминиумдердің халыққа қызмет көрсетуі, сондай-ақ кепілдірілген ақысыз медициналық жәрдем көлемінде медициналық қызметтер көрсету мәселелері талқыланды.

Одан басқа, 2016 жылғы 20 қазанда депутаттар "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарының IV реформасын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация орталықтарының жұмысын талқылады.

2016 жылғы 21 қазанда өткен Комитет отырысында Парламент Мәжілісінің депутаттары, Дін және азаматтық қоғам істері министрлігінің, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының, Павлодар облысы, Павлдар және Ақсу қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ Павлодар облысының қалалары мен аудандарының қоғамдық кеңестерінің өкілдері, Өскемен және Қарағанды қалаларының қоғамдық кеңестерінің өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Өкілдігінің, ЕҚЫҰ-ның, сондай-ақ республиканың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

"Заңның үстемділігін қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жаңғырту" тақырыптағы Парламенттік тыңдауларға дайындалу шеңберінде Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық пен Қылмыстық-атқару кодекстері қолдануының талдауын жүргізу мақсатында, сапар барысында прокуратура органдары, облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерімен, судьялармен жұмыс кездесулер өткізілген.

Сонымен қатар, қазанның 24 күні Мәжілісте "Баршаға арналған ақысыз техникалық және кәсіптік оқу, дуалды оқытуды енгізу" тақырыбы да талқыға салынды.

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Нұр Отан" Партиясының сайлауалды бағдарламасының "Білім" бағыты бойынша сараптау тобының "Кәсіптік - техникалық білім» шағын тобының "Баршаға арналған ақысыз техникалық және кәсіптік оқу, дуалды оқытуды енгізу" жобасы туралы тақырыбындағы отырысы өткізілді.

Модераторы Мәжіліс депутаты, топ жетекшісі Бақытгүл Хаменова.

Бағдарламадағы басты тақырып - баршаға арналған ақысыз техникалық және кәсіптік оқу, дуалды оқытуды енгізу.

Аталған шараға Мәжіліс депутаттары, сараптау тобының мүшелері, жергілікті атқару органдары мен өкілетті мемлекеттік органдар және үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты.

Қаралып отырған мәселе бойынша Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева баяндама жасады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша елімізде 807 колледж жұмыс істейді, оның ішінде, 345 (43 пайызы) жеке колледжер, оларда 499,5 мың адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 242,3 мың (48,5 пайызы) оқиды. Оқыту 183 мамандық бойынша жүргізіледі.

Жалпы оқитындар арасынан 19,6 пайызы (аз бөлігі) жұмыс мамандықтары бойынша ақысыз негізде оқиды.

Жыл сайын орташа есеппен мамандығы жоқ 21,5 адам жұмысқа орналасады, ал 4,8 мың адам жұмыссыз ретінде қалады.

Техникалық және кәсіпьік білім беру ұйымдары үшін ақысыз бірінші жұмыс біліктілігін берудің жаңа моделі әзірленген. Бұл моделдің негізгі ерекшелігі орта буындағы студенттер мамандық алу кезінде жұмыс біліктілігін ақысыз негізде алады.

Дуалды оқыту 409 колледжде (2013 жылы 176 колледжде, 2014 жылы - 280 колледжде, 2015 жылы - 348 колледжде) басымды 10 саладағы мұнайгаз, химия, металлургия, ауыл шаруашылығы, энергетика, және құрылыс саласындағы 86 мамандық және 160 біліктілік бойынша 26524 студетті қамти отырып, 2269 кәсіпорынның қатысуымен енгізіліп жатыр.

Дуалды оқыту талдауы 2016 жылы дуалды оқыту жүйесін енгізетін колледждер саны 61 бірлікке артқанын көрсетті. Дуалды оқыту жүейсіне тартылған колледждер мен кәсіпорындар санының артуы студенттерге өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде өндірістік тәжірибеден өткендер саны 60 пайызға дейін артты.

Отырыс барысында еліміздегі ақысыз техникалық және кәсіптік білім беру және дуалды оқытуды дамыту жан-жақты қарастырылып, тараптардың пікірлері тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша өкілетті мемлекеттік органдарға білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыным қабылданды.

Бұл күні Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен 25-26 қазанда Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан ТМД қатысушы мемлекеттерінің Жастар ПАА сессиясының жұмысына қатысқандығын айта кетейік,

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети