Мәжілісмендер министрге ескерту жасады

18 Сәуір 2016, 12:50
0
Мәжілісмендер министрге ескерту жасады - Зағипа Бәлиева. © Тұрар Қазанғапов
Зағипа Бәлиева. © Тұрар Қазанғапов

Мәжілісмендер меморгандарға үкімет сағатына дайындықсыз келгені үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет сағатында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндама жасады. 

Депутат Зағипа Бәлиева жаппай спортты дамытудың жолдарын айтып, шенеуніктерге ескерту жасады.

"Мемлекеттік органдардың үкімет сағатына дайындықсыз келуі орынсыз. Бұл Қазақстан Парламенті. Мемлекеттік органдардың өкілдері сұраққа жауап бере алмаса... Немесе дайындығы бар адамдар келсін", - деді Бәлиева вице-спикер Ісімбаеваға қарата. 

Вице-спикер Гүлмира Ісімбаева меморгандардың мұны ескеруі керек екенін айтты. "Гүлмира Ыстайбекқызы оларды үкімет сағатына дайындамайды", - деді ол. Министр Мұхамедиұлы қаржыландыруды үлестіру бойынша мәселеге жауап беру кезінде нақты сандарды атай алмаған еді.

Сонымен қатар, осыған дейін Аманжан Жамалов спортпен шұғылдануды насихаттау бойынша ведомствода қандай шаралардың жүзеге асырылып жатқанын сұраған еді. 

"Бүгінде өлім деңгейінің өсуіне әсер етіп отырған негізгі фактор - қан айналымына байланысты аурулар. Қозғалмайтын өмір салтынан. Айта кетейін, дәрігерлер мен педагогтар қанша тырысса да бізге денсаулығымыздың жақсы болуына кепілдік бере алмайды. Біз үшін ешкім жаттығу жасамайды, артық бутербродтардан ешкім бас тарта алмайды. Денсаулық жақсы болуы үшін өзің тырысуың керек. Қуатты жарнама кампаниясы қажет. Біз осы "өнімді" сату үшін үздік маркетологтарды тартуымыз керек. Батыстағыдай, онда егер сенің денсаулығың жақсы әрі семіз болмасаң сәтті адам болып саналасың. Біздің қоғамда әзірше қарындар сәнге айналған. Меморгандар қандай шараларды жүзеге асырып жатыр?", - деп сұрады Жамалов.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай