02 қыркүйек 2015 | 11:00

Мәжілісмендерден заң жобаларын жылдам қабылдау сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжілісмендерден заң жобаларын жылдам қабылдау сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілісте жазғы каникулдан кейін бірінші рет жалпы отырыс болды.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісмендерден заң жобаларын жылдам қабылдау сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілісте жазғы каникулдан кейін бірінші рет жалпы отырыс болды.

"Сессияның алғашқы күнінен біз белсенді, күшейтілген жұмысты бастауымыз керек. Бізге өте жауапты міндет артылды. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарын заңнамалық қамсыздандыру. Мемлекет басшысы айтқандай: Парламент пен Үкіметтің алдында үлкен жұмыс тұр, барлық мемлекеттік орган үкіметпен тығыз байланыста болады. Бұл жұмыстың 67 заң жобасынан тұратын кестесі жасалды, олардың арасында 10 заң жобасы біздің депутаттардың бастамасы", - деді әріптестеріне Қабиболла Жақыпов.

Мәжіліс спикерінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда Парламенттің төменгі палатасында түрлі деңгейдегі қарауда 19 заң жобасы жатыр. "Оларды аяқтау жұмыстарын жылдамдату қажет. 37 заң жобасы келіп түсті. Кеше оларды бюро қарап шықты. Қазір біздер мен сіздер қолға алуға тиіспіз. Бүгін-ертең Мәжілістің барлық комитеті өз отырыстарында заң жобаларын қараудың кестесін бекітеді. Сөйтіп, күнделікті жұмыс топтарының отырыстары өтеді. Сондықтан, барлық депутатқа, үкімет мүшелеріне және мемлекеттік орган басшыларына жұмыстың осындай тәртібіне икемделу керек болады", - деді спикер, сонымен қатар, ол 56 заң жобасының 7 қазанға дейін қабылдануы керегін айтты.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте депутаттардың барлығы жазғы каникулдан кейін қызметтеріне оралды. Осы күні Мәжіліс пен Сенат депутаттарының Қазақстан Парламентінің бесінші сессиясының V шақырылымының ашылуына орай бірлескен отырысы өтті. Әдетте бірлескен отырыс Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін, бірақ бұл жолы Қытай Халық Республикасында мемлекеттік сапармен жүрген Елбасы көп жылдан бері алғаш рет Парламент жұмысын бастап бере алмады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети