20 сәуір 2022 13:55

Мәжілісте 2022 жылға арналған бюджетке түзетулер бекітілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген өзгерістерде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға 1 триллион 793 миллиард 730 миллион теңге жұмсау көзделген, оның ішінде:

  • қаңтар оқиғасының зардаптарын жоюға - 37 миллиард 232 миллион теңге;
  • күш құрылымдары мен төтенше жағдайлардың жауынгерлік әзірлігін және жарақтандыруын арттыруға - 441 миллиард 260 миллион теңге;
  • халықтың табысын арттыру шаралары - 197 миллиард 106 миллион теңге;
  • өңірлерді дамытуға шығыстар - 475 миллиард 776 миллион теңге;
  • Азық-түлік қауіпсіздігі жоспары аясындағы іс-шаралар - 238 миллиард 14 миллион теңге;
  • мемлекеттік іс-қимыл бағдарламасы аясындағы іс-шараларға - 475 миллиард 947 миллион ​​теңге;
  • Президент бастамаларына арналған резервті қысқарту - 71 миллиард 604 миллион теңге.

Сондай-ақ, депутаттар Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды мақұлдады.

Мәжіліс депутаттары заң жобасының кейбір нормаларын сынға алды. Азат Перуашев Ұлттық қордан түсетін трансферт бірден 68 пайызға өсетінін атап өтті.

"Бұған дейін Ұлттық қор қаражатын пайдалану тұжырымдамасында 15 пайызға дейін түзету мүмкіндігі қарастырылған. Біздің ойымызша, 2016 жылы бұл норма жойылып, кейін Ұлттық қорды тұтыну барлық үкіметтің әдетіне айналды. (...)

Сыртқы қарызды 1 триллион 626 миллиардқа ұлғайтып, жалпы ішкі өнімнің 25 пайызына дейін жеткізу ұсынылып отыр. Ал, бюджет саясатының тұжырымдамасында сыртқы қарызға шекті ішкі жалпы өнімнің 27 пайызы көлемінде белгіленген. Яғни, сыртқы қарыз мәселесінде біз іс жүзінде шетте тұрмыз. Бірақ валюталық құбылу жағдайында бюджетке түсетін нақты жүктеме рұқсат етілгеннен жоғары болуы мүмкін", - деді Перуашев.

Депутат Аманжан Жамалов халықтың көкейіндегі түйткілді мәселелер туралы айтты.

"Бұған дейін елде белгілі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, ол кемшіліктеріне қарамастан тұрғындардың көңілінен шықты. Атап айтқанда, "Ауыл - ел бесігі", "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" және т.б. Мемлекет халықтың нақты мәселелерін шешу үшін маңызды міндеттер алды: сумен жабдықтау, жолдар, тұрғын үй. Қазір бұл міндеттер бұлыңғыр және ұлттық жобаларға батып кетті", - деді депутат.

Соған қарамастан, Мәжіліс республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети