ҚР Парламентінің төменгі палатасының депутаттары соттың шешімі мен Қазақстанда өлім жазасына енгізілген мораторийді алып тастаудың қажеттілігі туралы мәселені талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Парламентінің төменгі палатасының депутаттары соттың шешімі мен Қазақстанда өлім жазасына енгізілген мораторийді алып тастаудың қажеттілігі туралы мәселені талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін, 2 қарашада Алматыда биыл жазда теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаевқа қатысты үкім шығарылды. Судья сотталушыға үкімді Астанада Парламенттің төменгі палатасының отырысы өтіп жатқанда оқыды.
"Өлім жазасын орындау мәселесіне келгенде күмәнім бар. Меніңше, адам өмірге өз бетінше келе салмайды. Өмір - құдайдың сыйы. Осы орайда адамның басқа бір адамның өмірін қиюға құқықтық емес, моральдық тұрғыда құқығы бар дегенге күмәнмен қараймын. Иә, ол сұмдық қылмыскер, жауыз - тапа-тал түсте бірнеше адамды өлтірді. Бірақ бұдан да ауыр қылмыстар бар, зорлайды, өлтіреді дегендей. Мұндай жағдайда қоғам өлім жазасын ақтап алады. Алайда өлім жазасы мұндай жауыздық үшін тым оңай жаза болып көрінеді. Оларға өмір бойында қинау, ауыр жағдайда қалдыру және өмірінің соңына дейін өкінумен өткені дұрысырақ па деп ойлаймын", - деп білдірді пікірін депутат Азат Перуашев.
"Өкінішке қарай, тәжірибеден көріп отырғанымыздай, жазаның жеңіл немесе ауыр болуы қылмыстың қайталануының алдын ала алмайды. Кеңес кезінде ең ауыр жазалар болды, бірақ қылмыс жоғары деңгейде қалып қойды", - деді Перуашев "Күлекбаевқа қатысты өлім жазасын орындау үшін мораторийді алып тастауға бола ма?" деген сұраққа жауап бере отырып.
"Анасының, әйелдердің, республика азаматының көзқарасы бойынша айтсақ, әрине, біз қауіпсіздіктің болғанын қалаймыз, мұндай жағдайлардың қайталанбауын қалаймыз. Соған қарағанда, мұндай жаза әділ де шығар. Ал заңнама тұрғысынан қарап көрсек, бізде мораторий бар. Егер сот осындай шешім шығарса, оған қарсы бола алмаймын. Ал адамгершілік жағынан алып қарасақ, мұндай жауыздық үшін ең ауыр жаза тағайындалғаны дұрыс", - деп білдірді көзқарасын депутат Майра Айсина.
"Меніңше, үкім әділ, себебі мұндай террористік қылмысты ақтап алуға болмайды. Үкім Қазақстан заңының негізінде жүзеге асырылды, бұл заң өлім жазасын қарастырады. Бірақ қайталап айтамын, бұл жағдайда мораторийге байланысты үкімді орындаудың мүмкін еместігі негізгі мәселе болып қалып отыр, сондықтан ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады", - деп атап өтті төменгі палатаның депутаты Мәулен Әшімбаев.
"Мораторий барлығына бірдей, мораторийде біреу-міреуге қатысты тоқтауды қарастырмайды. Сондықта осы жағдайда мораторий барлығына бірдей қолданылады", - деп мәлімдеді Әшімбаев "Алматылық атқышқа" қатысты мораторийді тоқтата тұруға бола ма?" деген сауалға жауап бере отырып.
"Меніңше, Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 30-дығына талпынып жатқанда мұны жасау мүмкін емес, бұл елдерде өлім жазасы жоқ. Сондықтан, үкім бар, бірақ оны орындау қиын", - деді коммунистер фракциясының депутаты Айқын Қоңыров.
"Егер мораторий алып тасталса, ел абыройына нұқсан келеді. Сондықтан, менің пікірімше, мораторий алып тасталмайды", - деді депутат Қоңыров.
Айта кетейік, бүгін алматылық атқыш өлім жазасына кесілді. Бірақ оны орындауға елімізде мораторий жарияланған.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.