04 сәуір 2017 | 21:23

Максим Арышевтың анасы оны терактіге қатысы бар деген БАҚ өкілдерін сотқа бермейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Максим Арышев. "Вконтакте" желісіндегі жеке парақшасынан. Максим Арышев. "Вконтакте" желісіндегі жеке парақшасынан.

Санкт-Петербургтегі теракт кезінде қаза болған Максим Арышевтың анасы ұлының жарылысқа қатысы бар деген ресейлік БАҚ-пен соттаспайды. Бұл жайында Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайтында хабарланған. 


Иконка комментария блок соц сети

Санкт-Петербургтегі теракт кезінде қаза болған Максим Арышевтың анасы ұлының жарылысқа қатысы бар деген ресейлік БАҚ-пен соттаспайды. Бұл жайында Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайтында хабарланған. 

"Олардың бағына орай мен мұны кеш білдім. Ақпарат жоққа шыққан кезде, миллиондаған адам "Ирина, біз сенбейміз!" деп жазғанда ғана. Ештеме істемеймін. Әркімнің ар-ұяты білсін", - деді Ирина Арышева. 

Сонымен бірге, ол Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университет жетекшілігімен болған кездесу туралы айтып берді. "Басшылық пен студенттер ұлымның қалай оқығаны туралы айтып берді. Көмектерін ұсынып жатыр. Оларды көргеніме қуаныштымын, соңғы үш жылда Максиммен бірге болған адамдар. Осындай жағдайда жолыққанымыз өкінішті", - дейді ол. 

Максим Арышев - Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік экономикалық университеттің 3-курс студенті. Ол "Ақпараттық жүйелер мен технологиялар" мамандығы бойынша білім алып жатқан. Оқу орнының сайтындағы мәліметтерге қарағанда, оның оқу үлгерімі жақсы болған. Максим өзі Алматыдан, "Достар" халықаралық мектеп-лицейінде оқыған. "Ол мектепті 2014 жылы бітірді. Сабақты жақсы оқыды. Орта мектепті жақсы бағамен бітірді. Алтын медальға бітірген жоқ, бірақ оқуды жақсы аяқтады. Алаңдататын жағымсыз жағдай болып тұр. Барлығымыз ол үшін алаңдап отырмыз", - деген еді "Достар" халықаралық мектеп-лицейінің меңгерушісі.

Осыған дейін қазақстандықтың достары Максим Арышев туралы айтып берген еді.

Айта кетейік, бүгінде қаза болғандардың саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети