14 қаңтар 2019 17:54

Малика Мұхитоваға қатысты шыққан үкім өзгеріссіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сот алқасы бірінші инстанциялы соттың Ескендір Сүлейменовтің өлімі бойынша шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот алқасы бірінші инстанциялы соттың Ескендір Сүлейменовтің өлімі бойынша шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Малика Мұхитова екі жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді (қоныс колониясы - автор.) Судья Әсем Рамазанованың айтуынша, сот алқасындағылар Мұхитованың кінәсі дәлелденгенін айтады. Судья сот алқасының сотталушының жазасын жеңілдетуге негіз жоқ деп шешкенін хабарлады.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Малика Мұхитова Астана қалалық сотына бірінші инстанциялы соттың шешіміне шағым түсірген болатын. 

Олжас Сүлейменов Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды бірнеше рет сұраған болатын.

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне байланысты тағы бір үндеу жасады

Еске салайық, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

"Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын", - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети