01 ақпан 2022 16:26

Мамандар шағымды өздері ұйымдастырып, өздері тексеру жүргізеді - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі мемлекеттік аудит органдарының сыбайлас жемқорлық деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі мемлекеттік аудит органдарының сыбайлас жемқорлық деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте Тоқаев жағдайды қаржылық бақылау органдарының жемқорлық фактілері қиындатып отырғанын айтты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі мемлекеттік аудит мамандары шағымды өздері ұйымдастырған фактілерін анықтады. Содан кейін олар өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарын көздеп, өздері тексеру жүргізеді. Соңғы бір жылда бір ғана ЖШС осындай 1600 шағым түсіріп, оның 900-і қанағаттандырылды. Бұл ретте басқа, нақты өтініштер еленбейді", - деді Мемлекет басшысы.

Ол үкіметке сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын, оның ішінде осы саладағы мемлекеттік бақылау жүйесін реттеуді түбегейлі өзгертуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети