03 маусым 2016 12:35

Мамандар суға түсу маусымына байланысты ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жамбыл облыстық ТЖД © Жамбыл облыстық ТЖД

Жамбыл облысының құтқарушылары суға түсу маусымына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысының құтқарушылары суға түсу маусымына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Күн ыстықта өзеннің жағасында демалу және суда жүзу пайдалы және жағымды. Бірақ ересектер жиі босаңсып, әсіресе өздерінің балаларына қатысты қырағылығын ұмытады, бұл қайғылы зардаптарға алып келуі мүмкін. Сондықтан, өзіміздің және туған-туыстарымыздың өмірі көңілді өтсін десек, балаларды өлімінен арашалау үшін судағы қарапайым қауіпсіздік шараларды сақтау қажет", - деді Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар комитетінің бас маманы Сәуле Мұнатаева.

Оның айтуынша, температураның қүрт ауытқуына байланысты қан тамырлары тартылуы мүмкін. Сондықтан жағажайдың микроклиматына бейімделу үшін 15 минут ағзаға уақыт беріп, шомылу үшін арнайы бөлінген жерлер мен жағажайларды пайдалану керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, маман ата-аналар мен балалар мекемелерінің жетекшілерінен балаларды судың маңынан жүзуге рұқсат етпеуін және қараусыз қалдырмауларын сұрады.

"Жүзу құралдарында отырған жағдайда орын ауыстыруға, арналған борттарға отыруға, құралы белгіленген нормадан тыс артық жүктемеу, шлюздер, бөгеттер жанында жүзуге қауіпті. Сондай-ақ, өтіп бара жатқан кемелерге және қайықтарға жақындамау керек. Өзіңізді нашар сезінетін жағдайда суға түспеңіз. Зиянға ұшыраған адамға көмек көрсетіңіз және ол туралы таяудағы бекетіне хабарласыңыз, 112 номеріне қоңырау шалыңыз. Жүзу құралдардағы сырғанау ережелерін бұзбаңыздар. Кішкентай балаларға таныс емес орындарда суға түсуге, оның үстіне жардан секіруге және алысқа жүзүге, үрлемелі шеңберсіз және белден жоғары суға кіруге болмайды. Мұқият және ұқыпты болыңыз!", - деп тағы да ескертті ТЖД бас маманы Сәуле Мұнатаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети