Мамин Алматы метросының 2 станциясын жыл соңына дейін салуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамин Алматы метросының 2 станциясын жыл соңына дейін салуды тапсырды Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық метрополитеннің даму барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық метрополитеннің даму барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда метрополитеннің бірінші желісінің жұмыс істеп тұрған 9 метро станциясына қосымша "Сарыарқа", "Достық" және "Қалқаман" станциялары салынып жатыр, бұл желінің жалпы ұзындығын 10,3 шақырымнан 15,9 шақырымға дейін, ал жолаушылар ағынын тәулігіне 46 мыңнан 93 мың адамға дейін арттырады.

Осы жылдың соңына дейін "Сарыарқа" және "Достық" станцияларында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап, техникалық іске қосу жоспарланған. 2022 жылдың I тоқсанының соңына дейін іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау және станцияларды пайдалануға беру көзделген.

"Қалқаман" станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Үкімет басшысы Алматы метрополитенінің бірінші желісінің II кезегін дамыту бойынша жоспарланған барлық жұмыстың уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети