02 шілде 2021 16:02

"Алтын Орда" маңындағы жолайрық: Мамин құрылысты қазанда аяқтауды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Мамин Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы жолайрық - Алматы-Бішкек тасжол учаскесін қайта жөндеу барысымен танысты, - деп хабарлайды Primeminister.kz.


Премьер-министр Асқар Мамин Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы жолайрық - Алматы-Бішкек тасжол учаскесін қайта жөндеу барысымен танысты, - деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жоба инженерлік коммуникацияларды қайта орната отырып, учаскені 4 жолақтан 10 жолаққа дейін кеңейтуді, негізгі магистраль эстакаданы, "таға" түріндегі бұрылу эстакадасын, Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды көздейді.

Үкімет басшысы барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, жұмыс қарқынын арттыруды және оларды биыл қазанда аяқтауды тапсырды.

"Жолайрықты биыл қарашада пайдалануға беру қажет. Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысы арасындағы көлік қатынасын жақсартады", - деді Мамин.

Бұған дейін Асқар Мамин Алматыға сапармен келіп, қалалық метрополитеннің дамуын тексеріп, екі метро станциясын жыл соңына дейін салуды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети