Мамин Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамин Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды Фото:gov.kz

Премьер-министр Асқар Мамин жағдай тұрақталған өңірлерде Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жеңілдіктер қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Мамин жағдай тұрақталған өңірлерде Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жеңілдіктер қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайы тұрақталған өңірлердегі ведомствоаралық комиссияға демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарауды тапсырамын. Ералы Лұқпанұлы, бұл сіздің бақылауыңызда", - деп тапсырды Мамин Үкімет отырысында.

Жалпы, оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, вирус жұқтыру деңгейі біртіндеп төмендей бастаған.

"Өткен аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды, қазір - 0,93. Сонымен қатар, Түркістан облысынан басқа барлық өңір "қызыл" аймақта. Инфекциялық төсектердің толуы 49 пайыз және реанимациялық төсектертер - 46 пайыз. Барлығы 6,5 миллионға жуық адам бірінші компонентпен егілді, екінші компонентпен 5 миллионнан аса адам егілді. Вакцинация науқанын одан әрі күшейту қажет", - деді Асқар Мамин.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, Ashyq жобасына қатысушыларға демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети