1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мамырда карантин ұзаруы мүмкін, қауіпті кезең - Біртанов

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Коронавирус инфекциясының таралуы мамырда да жалғасады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Tengrinews.kz Instagram-ындағы тікелей эфирінде айтты.

"Ауру жұқтырғандардың көбеюін, азаюын үш ай бойы - наурыз, сәуір және мамырда қадағалаймыз. Біз мамырдан кейін ештеңе болмайды деп айтпаймыз. Инфекция болады, қоғамда таралады. Біздің міндет - осымен бірге өмір сүріп үйрену. Инфекция - өте жұқпалы. Адамдардың кей санатын ауыр жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан эпидемияға төтеп беріп, төмендетіп алған соң, үнемі карантинде отырмау үшін мұнымен өмір сүріп үйрену керек.

Сондықтан біз мамыр айының соңына дейін шамамен 3500 жағдай болады деп ойлаймыз. Содан кейін басқа санды тіркей бастаймыз, қазір нақты бірдеңе айту қиын. Жапонияда, Сингапурде эпидемия қайта басталды. Болжам жасау қиын, Қазақстанда нақты былай болады деп болжай алмаймыз", - деді Біртанов.

Оның айтуынша, адамдар қауіпсіздікті сақтай отырып, қарым-қатынас жасауды үйренбесе, үкіметке қатаң шаралар қолдануға тура келеді.

"Бұған уақыт керек, карантин мамырда созылуы мүмкін. Мамыр қауіпті кезең деп есептейміз", - деді министр.

Еске салайық, 21 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1995 адамға жетті. 489 адам жазылды, 19 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!