Кеше кешке Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігіне жүзден аса адам барды, олар миллиондаған адамның жүрегін жаулап, сүйіктісі бола білген Денис Тенді еске алды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше кешке Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігіне жүзден аса адам барды, олар миллиондаған адамның жүрегін жаулап, сүйіктісі бола білген Денис Тенді еске алды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Даңқты спортшының өмірден өткені туралы хабар Кореядағы қазақстандықтарды ғана емес, Корея азаматтарын да есеңгіретіп тастады.
Дениске арналған кешке мәнерлеп сырғанаудан Корея ұлттық құрамасындағы досы Ким Чжин Со келді. "Бүкіл құрама бұл оқиғаға қатысты қайғырып, Денистің туған-туыстарына жын жүректен көңіл айтады", - деді спортшы. Сонымен қатар, ол жерлеу рәсіміне қатыса алмағандықтан Денис Тенмен қоштасу үшін кореялық құраманың Қазақстанға келуге ниетті екенін жеткізді.
Денисті еске алу кешіне кореялық танымал блогер Мин Кен Хва келді. "Қазақстан мен Корея ұлы чемпионнан айырылды. Денис пен оның атасы Корея мен Қазақстанның ұлы батырлары", - деді блогер. Денис Тенге арналған кешті KBS және Korea Herald сияқты ұлттық телеарналар мен газеттер жариялады.
Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Денисті өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды. Олар: Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов. Екеуі де қылмысты мойындады және оқиға кезінде Денис Тен екенін білмегендерін айтты.
Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Кеше, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.