14 желтоқсан 2020 13:31

"Маңғыстау-Ақтөбе" пойызындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес адам зардап шеккен жолаушылар пойызының жүк вагонындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бес адам зардап шеккен жолаушылар пойызының жүк вагонындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"14 желтоқсанда "Маңғыстау-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызының вагонындағы өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-бөлігі ("Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқса") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді көліктегі полиция департаментіндегілер.

Қалған мәлімет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Еске салайық, мұның алдында "Маңғышлақ-Ақтөбе" пойызында өрт шығып, бес адам зардап шеккені хабарланған болатын. Төтенше жағдай 14 желтоқсанда сағат 04.30-да болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети