15 желтоқсан 2017 18:04

Маңғыстау бизнеске қолайлы жағдай жасау рейтингінде 2-орынға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау бизнеске қолайлы жағдай жасау рейтингінде 2-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау бизнеске қолайлы жағдай жасау рейтингінде 2-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай мерекелік концерт өтті. Шараға қоғам қайраткерлері мен өңір белсенділері қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов алдымен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен ахуалын баяндады.

Ішкі өңірлік өнім өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 8 пайызға өсіп 1,1 триллион теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі наурыз айындағы 92,2 пайыз көрсеткіштен 99,6 пайызға дейін өсті. Біз жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз. Облысымызға тартылған инвестицияның өсу қарқыны жыл басындағы 82 пайыздан бүгінгі күнге 104 пайызға жетті. Яғни, жылдық көлем 420 миллиард теңгені құрайды.


Облыста тұрғын үй құрылысын қарқынды түрде жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламалары аясындағы жобаларды іске асыру есебінен құрылыс жұмыстары 100 пайыздан 102,8 пайызға артты. Бүгінгі таңда олардың көлемі шамамен 200 млрд. теңгені құрайтын болады. Мысалы, жыл басынан бері 697 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2 889 пәтер, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған 728 пәтер. Өңірімізде мемлекеттік бағдарлама және жеке кәсіпкерлер қаржысы есебінен биыл 2000 орынға арналған 21 балабақша салынып қолданысқа берілді. Мысалы, жыл басынан алғанда, балабақшамен қамту көрсеткіші облысымызда 83 пайыздан 93 пайызға жетті.


ЭКСПО халықаралық көрмесінде көрсетілген жобаларды іс жүзінде пайдаланылуда. Мысалы, Ақтау қаласы мен Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы білім беру ұйымдарында пилоттық жоба ретінде 40 пайызға энергия үнемдеу технологиясы енгізілген. Болашақта бұл технология Ақтау қаласының барлық білім беру ұйымдарында және көше жарықтандыруына да енгізілмек.


Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 53%-дан 64%-ға дейін өсті.

Бизнеске қолайлы жағдай жасау рейтингісіне сәйкес Маңғыстау 9 ай ішінде 12 орыннан 2 орынға көтерілді. Облыс Астана қаласынан кейінгі екінші орында. Рейтингте шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтындар санының, олар өндіретін өнім көлемінің өсу қарқыны сияқты негізгі көрсеткіштер есепке алынды. "Бизнестің жол картасы", "Даму Өндіріс", "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламалары облысымызда қарқынды іске асуда және оң нәтижелерін беруде. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бүгінде 47 мың бірлікті құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2500 бірлікке көбейген. Осы орайда, өңірдің дамуына үлкен үлесін қосып жүрген азаматтарымыз жетерлік. Мысалы, шағын және орта бизнесті қолдау нәтижесінде жергілікті кәсіпкерлер биыл 43 миллиард теңге қаражат бөліп, көптеген әлеуметтік нысандар салған.

Жыл басынан бері 27 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

"Күні кеше 6 желтоқсанда мемлекет басшысының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде еліміздің 16 қаласында 25 индустриалды жаңа жоба іске қосылды. Оның төртеуі біздің өңірге тиесілі. Өзгелермен салыстырғанда, ең көп ашылған нысандар Маңғыстауда екенін елбасымыздың өзі ерекше атап өтті. Құрық портындағы темір жол паромымен қатар автомобиль паромының ашылуы облыс үшін ғана емес, мемлекетіміз үшін де үлкен маңызға ие. Себебі, киелі Маңғыстау өңірі халықаралық транспорттық логистиканың бөлігіне айналды. Болашақта 6 млн тонна жүк тасымалданады. Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет Кавказ, Түркия арқылы Еуропа елдеріне жаңа бағыт ашылды. Стратегиялық маңызды нысанның арқасында елдің транзиттік-көліктік әлеуеті артып, өзара сауда-саттық саласы дамиды. Енді біз теңізге шығатын мүмкіндігіміз бар деп айтуға толық негіз бар. Бұл оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау халқына ризашылығын білідіріп, алғашқы миллион тоннамен арнайы құттықтау жолдаған болатын. Бұл біз үшін үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік. Бір шаңырақтың астында ынтымағы жарасқан егеменді еліміз Қазақстанның тәуелсіздігі баянды болсын!",-деді аймақ басшысы.

Салтанатты шарада өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бірнеше азаматтар марапатталды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік «Парасат» ордені – еңбек ардагері Басшы Әзірхановқа және Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағын Қырымқұловқа табысталды. Ал, «Құрмет» орденімен – ақын Сабыр Адай, «Мерос» ЖШС директоры Мереке Дүйсенбаев, дәрігер Талғат Мұқантаев, ақын Светқали Нұржан, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Асқар Рзаханов, «Алғыс» ЖШС директоры Қожагелді Тоқбанов және еңбек ардагері Бектұр Төлеуғалиев марапатталды.

Сонымен бірге, ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" ордені; "Ерен еңбегі үшін" медалі; "Шапағат" медалі; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы; Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасы мен Алғыс хаты; "Еңбек ардагері" медалі де тапсырылды.

Облыстық мәслихаттың "Маңғыстау облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешіміне сәйкес,

қоғам қайраткері, мұнай-газ және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Есен Күмісқали;
қоғам қайраткері, құрылыс және су шаруашылығы саласының ардагері Шынабай Ақкенжеев;
қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Ақмоншақ Баужанова;
қоғам қайраткері, Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының директоры Нұрнияз Мұханов;
қоғам қайраткері, тыл ардагері және мұнай-газ саласының ардагері
Баймұрат Дүйсенғалиев ие болды.

Шара Маңғыстау жұлдыздарының мерекелік концертімен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети