16 желтоқсан 2017 20:07

Маңғыстау жастары Мемлекеттік туды Ақтау көшелерімен алып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау жастары - Мемлекеттік туды Ақтау көшелерімен алып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау жастары - Мемлекеттік туды Ақтау көшелерімен алып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Маңғыстауда жастар акциясы өтті.

Шараның мақсаты - өңір жастарының сана-сезімін асқақтатын патриоттық рух қалыптастыру.  Акцияда Маңғыстау облысының белсенді жастары ұзындығы 15 метр, ені 7 метр болатын мемлекеттік ту мен ұзындығы 10 метр, ені 6 метр болатын Рухани жаңғыру туын алып, Тәуелсіздік көшесі бойының "Мәңгілік алау" жанынан Ақбота саябағына дейін  шерулеп жүріп өтті.

Шеруге өңірлік жастар ұйымдарының жетекшілері, жастар бірлестіктері мен одақтарының жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК шекара қызметі "Жағалау күзеті" қызметінің әскерилері қатысты.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция - жастардың патриоттық руxын көтеріп, олардың ұлттың қуатын қалыптастыра алатын мемлекеттің стратегиялық ресурсы екенін көрсетуді көздейді.

Шара Маңғыстау жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети