30 қазан 2014 15:16

Маңғыстау облысында мұнайшылардың орнына дәрігерлер көбейетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Clip.dn.ua @Clip.dn.ua

Маңғыстау облысында мұнай мамандарын дайындау тоқтатылғаны жайлы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің кәсіби-техникалық және орта мектептен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры Сабыржан Мәдеевке сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында мұнай мамандарын дайындау тоқтатылғаны жайлы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің кәсіби-техникалық және орта мектептен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры Сабыржан Мәдеевке сілтеме жасап.

"Бұл туындаған жағдай - "Айтылған сөз - атылған оқ" деген белгілі сөз орамының іске асқан көрінісі". Міне, осылай телефонмен сөйлесуден үлкен мәселе шығып, оны енді біз брифингте түсіндіріп жатуға мәжбүрміз", - деді ол.  

Оның айтуынша, бұрмаланған мәлімет әкімдік өкілінің пікірін телефон арқылы алып, қате түсініп қалған жергілікті БАҚ тілшісінің кесірінен тараған. 

"Мемлекеттік тапсырыс мұнайгаз мамандықтарына ғана емес, жалпы тау-кен-өнеркәсіптік бағдарламалары аясында құрылатын ең қажетті мамандықтарға, керісінше, тіпті әлемдегі қайсыбір экономикалық проблемаларға қарамастан жыл сайын артып келеді", - деді ол. 

Мәдеевтің айтуынша, орталық атқарушы орган мен жергілікті атқарушы орган құзырларының анық бөлінушілігі бар. "Жергілікті атқарушы органның құзырына сол өңірде талап етілетін қандай да бір мамандықтар үшін мемлекеттік тапсырысты құрылымдау кіреді. Осы мемлекеттік тапсырыстың аясында жергілікті атқарушы органдар қандай да бір мамандыққа қабылданатын студенттер санына өзгеріс енгізе алады", - деді ол.

Бірақ Білім және ғылым министрлігінің өкілі бірнеше жыл бойы Маңғыстау облысында мұнай-газ саласы мамандарының шамадан тыс көбейгені байқалатынын айтты. "Осыған сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің берілген мамандыққа қабылдауды азайтқаны дұрыс болып жатыр. Босап жатқан мамандықтар басқа мамандықтарды дайындауға арналып жатыр - педагогтарды, дәрігерлерді, ауыл шаруашылығы мамандарын және тағы да сол сияқты", - деді Мәдеев.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының білім беру мекемелері мұнайшыларды дайындамайтын болғаны хабарланған еді. Бұл туралы облыс басшысының орынбасары Бану Нұрғазиева мәлімдеді. Ол "әкімдік барлық 24 колледж бен университеттердегі мамандықтарды жабу туралы шешім шығарды" деген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети