Маңғыстау облысында тағы бір ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында тағы бір ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты Фото: yandex.kz/maps/Ермек И.

Маңғыстау облысында тағы бір ауылдың тұрғындары ішімдіктен толық бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында тағы бір ауылдың тұрғындары ішімдіктен толық бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әңгіме Қарақия ауданындағы Болашақ ауылы туралы болып отыр. Ол ресми түрде "ішімдіктен бас тартқан ауыл" мәртебесін алды. Бұл бастаманы Қарақия ауданының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жергілікті кәсіпкерлер белсенді азаматтық ұстаным танытып, бұл бастаманы қолдады. Қол қойылған құжат аясында тараптар ауыл аумағында алкоголь өнімін сатуға және тұтынуға жол бермеу шараларын бірлесіп іске асыруға, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, құқықбұзушылықтың алдын алумен айналысуға және қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыруға уағдаласты.

Бұл бастама ауылдағы құқықтық тәртіпті сақтауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал етеді деп күтіледі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +26
Ақтау +25
Ақтөбе +21
Атырау +26
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +29
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +19
Т
Талдықорған +27
Тараз +31
Түркістан +21
О
Орал +27
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер