14 желтоқсан 2017 20:15

Маңғыстау облысында ұн шығаратын цех ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше нысан ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше нысан ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Ел игілігіне берілген жаңа кәсіпорынның бірі - Маңғыстау ауылындағы ұн шығаратын цех. Комбинат тәулігіне 120 тонна жоғарғы және бірінші сұрыпты ұн, 30 тонна кебек өндіреді. Мұнда ең бастысы 50 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. 

Жаңа нысанның ашылуы - ауданда шағын және бизнестің дамуы қарқын алғандығын көрсетеді. Себебі, бұрын осындай кешен облыс бойынша тек Бейнеу ауданында болса, өндіріс орны енді Мұнайлы ауданында ашылып отыр. Осылайша, жергілікті өнімдер облыстың ішкі сұранысын қанағаттандыруда. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов: "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады" деп  айтқанындай, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан халыққа қалтқысыз қызметтер көрсетілуде. Мұның бәрі елдің бірлігі мен ынтымағының арқасы деп білеміз.

Өздеріңіз куә болып отырған ұн-жарма комбинатының 6000 тоннаны құрайтын астық қоймасы Мұнайлы ауданының  10 жылдық мерекесі аясында ашылған болса, негізгі бөлігі ұн – жарма өндірістік кешенін бүгін іске қостық", - деді.

Сондай-ақ, ауданда "Ынтымақ" мал базары және мал сою пункті ел игілігіне берілді. 30 млн. теңгеге салынған шаруашылық 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда 42 қора бар. Әрбір қорада 10 ірі қара мен 32 ұсақ малды союға арналған орын қойылған. Шаруа иесі 3 жылға "Атамекен" шағын қаржы ұйымы" арқылы 4 пайызбен 11,5 млн. теңге несие алғанын айтады.

Мұнайлы ауданы - 10 жылдың ішінде әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуы жедел қарқын алған мекен. Мұнда халық саны 150 мыңға жетті. Сондықтан жыл сайын білім беру ұйымдарының тапшылығы туындауда. Аудандағы 42 мектепке дейінгі ұйымдарда 6493 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бұл көрсеткіш 83 пайызды құрап отыр. Сондықтан аймақ басшысы Ералы Тоғжанов балабақша санын 100 пайызға жеткізуді мақсат еткен. Осыған орай, бүгін мереке қарсаңында 2 тәрбие ошағы есігін айқара ашты. Соның бірі - 75 орындық «Мөлдір» балабақшасы. Жергілікті кәсіпкердің қаражатына салынған. Білім ошағы 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Тұрғындардың қуанышына ортақтаса барған облыс әкімі Ералы Тоғжанов: "Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауында "Мен үшін осы сектордағы мемлекеттік - жекеменшік серіктестігінің үлгісі өте маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің бірі - 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді" - деген болатын.

Елбасымыздың осы Жолдауы аясында бүгін Мұнайлы ауданында ашылғалы тұрған "Мөлдір" балабақшасы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі құтты болып, Қазақ елі мәңгі жасай берсін!",- деп өз құттықтауын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети