08 қаңтар 2022 19:37

Маңғыстау облысындағы жағдай бойынша үкіметтік комиссия жұмысын Нұр-Сұлтанда жалғастырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қоғамдық штабпен және бастама топтарымен кездесу барысында Үкіметтік комиссия диалог кезінде біршама маңызды сұрақ шешіліп, Қазақстан Республикасының Үкіметі оларды жүзеге асыруға көшкенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, аймақ тұрғындарының әлеуметтік сұрақтарын шешу бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің міндетін атқарушының қатаң бақылауында.

Бұдан әрі Үкіметтік комисссия өз жұмысын Нұр-Сұлтан қаласында әрі қарай жалғастырып, келіссөздердің орындалуын қатаң бақылауда ұстайтын болады.

Комиссия Маңғыстау облысының тұрғындарына және бастамашыл топтың мүшелеріне шыдамдылық танытқандығы және қойылған мәселелерді конструктивті шешуге атсалысқандығы үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар, комиссия аймақта тәртіптің сақталуы үшін төтенше жағдай кезінде барлық талаптарды ұстануға және түсіністік танытуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети