16 тамыз 2022 17:30

Маңғыстау облысының әкімі Тоқаевқа есеп берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биылғы 7 айда атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы баяндалды.

Облыс әкімінің мәліметіне сәйкес өңірдегі өзекті мәселенің бірі - су қорымен, соның ішінде ауызсумен қамтамасыз ету. Атап айтқанда "Астрахан - Маңғышлақ" суқұбыры арқылы келетін және басқа да су тұшыту қорларынан алынатын су мөлшері мамыр айынан бастап қыркүйектің соңына дейінгі аралықта тұтынушылардың қажеттілігін толық өтей алмай келген.

Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының Маңғыстау өңіріне барған сапарында облыстағы ауызсу мәселесін шешу туралы тапсырмасына сәйкес атқарылған жұмыс нәтижелерін жеткізді. Қазір "Қаражанбас" кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұщытатын қондырғылар іске қосылып, осы бағыттағы бірқатар мәселенің шешімі табылған. Ақтау қаласындағы су тұшыту зауытында жыл соңына дейін 20 мың текше метр суды тазартатын қондырғы іске қосылу керек болса, соның 5 мың текше метрі қазірдің өзінде тұшытылып беріліп жатқаны айтылды. Облыс әкімінің айтуынша, жеке инвестициялар есебінен таза су көлемі әлі де ұлғайтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл шаруашылығы саласындағы оң өзгерістер туралы баяндалды. Маңғыстау облысы әкімінің мәліметтеріне қарағанда былтырғы қуаңшылықтан кейін Үкімет пен жергілікті атқарушы органның бірлесіп атқарған шараларының және биыл молынан түскен жауын нәтижесінде шаруалардың жемшөп дайындау жұмыстарында қиындық жоқ.

Өңір басшысы облыста отандық және шетелдік туристер санының артқанын жеткізді.

Кездесу соңында Президент аталған бағыттар бойынша жұмыстарды одан әрі жетілдіріп, облыстағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.     

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети