Маңғыстау облысының билігі көз жұмған 6 жасар қыздың денесін Астанадан Ақтауға жеткізуге жәрдем береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының билігі көз жұмған 6 жасар қыздың денесін Астанадан Ақтауға жеткізуге жәрдем береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының өкілдері хабарлады. "Қазіргі кезде қыз баланың денесін жеткізу мәселесіне барлық құзырлы орган, түрлі мемлекеттік басқармалар, соның ішінде Ақтау мен Маңғыстау облысының әкімдіктері атсалысып жатыр. Біз тек жеткізіп беру ғана емес, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға да, қыз баланың жақындарына психологиялық көмек көрсетуге де әзірміз", - деп хабарлады Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының өкілдері.
Маңғыстау облысының әкімдігі оқиғаның алғашқы күнінен бастап жағдайды жеке бақылауға алып, 6 жастағы Викторияның отбасына барынша көмектескенін айта кету керек.
Алты жастағы Виктория Минина кеше, қарашаның 21 күні Астанада көз жұмды. Дәрігерлер Викторияны аман алып қалу үшін бар күшін жұмсады. Дегенмен, бір ай бұрын дәрігерлер қыз баланың миы өлгенін тіркеген болатын.
Мұның алдында алты жастағы Викторияны өімірін жалғап тұрған аппараттан ажыратпайтыны айтылған болатын. Мәскеулік және шетелдік дәрігерлер бұл оқиғаны естіп, көмектерін бергенімен, оң нәтиже болмады. Арнайы щақырылған ресейлік маман Сергей Царенко балақайдың жақсарып кететуіне үміт жоғын айтқан.
Алты жастағы Виктория биыл 20 тамыз күні жоғалып кеткен болатын. Алдымен оны туыстары өз күшімен іздестіріп, 2,5 сағаттан кейін полицияға хабарласқан. Сағат 17.30-да зорланған қыз баланы полицейлер ауыр күйінде саяжай аумағынан тапқан. Санитарлық авиация қыз баланы Ұлттық ана мен бала орталығына жеткізген еді.
Зорлады деген күдікпен 32 жастағы Ақтау тұрғыны ұсталды. Іс мәліметі бойынша, сараптама ер адамның бұл қылмысқа қатысы барын растады. егенмен, айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр.
Айта кетейік, жақында күдіктінің інісі өлі күйде табылған болатын.