27 қазан 2018 09:51

Маңғыстау облысының тұрғыны әлдекімге салынған айыппұлдың құрбанына айналды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" телеарнасының кадры "Астана" телеарнасының кадры

Маңғыстаулық азамат өзіне мүлдем қатысы жоқ айыппұлдың құрбанына айналды. Бисенғали Ақтанов Ақмола облысы аумағында ешқандай да жол қозғалысы ережесін бұзбағанын дәлелдеп әлек. Тіпті, жеке көлігім жоқ деп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 


Маңғыстаулық азамат өзіне мүлдем қатысы жоқ айыппұлдың құрбанына айналды. Бисенғали Ақтанов Ақмола облысы аумағында ешқандай да жол қозғалысы ережесін бұзбағанын дәлелдеп әлек. Тіпті, жеке көлігім жоқ деп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бисенғали Ақтанов өзіне жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынғанын бір ай бұрын ғана біліпті. Әдеттегідей жалақысын банкоматтан шешіп алмақ болған. Алайда, ала алмаған. Анықтай келе есеп-шотының бұғатталғанын біледі. Өйткені, айыппұлды өтемеген. Ал, айыппұл оған қаңтар айында "Көкшетау-Рузаевка" тас жолында балаларды креслосыз тасымалдағаны үшін салынған-мыс. Мұны сот орындаушыларынан естідім дейді ол. Аты-жөні, тіпті жеке сәйкестендіру нөміріне дейін тұп-тура өзінікі, тек туған жылы, мекен жайы мен жеке куәлігі басқа адамдікі болып шыққан.      

"Оларға Астанаға бармағанымды қалай дәлелдеуім керек? Аттап басқан жерім емес. Мен Түрікменстан туғанмын. Маңғыстауда 1996 жылдан бері тұрамын. Ақтаудың аймағынан басқаны тек теледидардан көргенмін, былайша шетке шыққан адам емеспін", - дейді Маңғыстау облысының тұрғыны Бисенғали Ақтанов. 

Маңғыстаулық азамат әкімшілік полицияға, халыққа қызмет көрсету орталығына сұрау салыпты. Ол Ақмола облысында ережеге бағынбаған көліктің шын мәнінде өзінің атына рәсімделмегеніне тағы бір көз жеткізбек. Екі айдан бері әуре-сарсаңға түскен ол, несиесін де өтей алмай отыр екен.  

Ақмола облысы полиция департаментіндегілер қателік болғанын мәлімдеді.     

"Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүріп жатыр. Анықталғанындай полиция қызметкері әкімшілік істерді деректер базасына енгізу кезінде қателік жіберген болып шықты. Түзетулер енгізілді. Маңғыстау облысы тұрғынына салынған айыппұл жақын күндері алынып тасталады", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметкері Әсем Әбдіраманова. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети