1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Маңғыстау облысының тұрғыны карантин режиміне қарамастан той жасаған28 шілде 2020, 09:00

© polisia.kz © polisia.kz

Маңғыстау облысы, Қарақиян ауданының тұрғыны карантин режиміне қарамастан есік алдында ұлының үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке 25 шілдеде болған. Тойға 100-ден аса адам келгені белгілі болды. 

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, мұндай іс-шараға адам көп жиналатындықтан өткізуге тыйым салынған. 

Карантин режимін бұзғаны үшін үй иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал аудандық сотқа іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жіберілді.

Маңғыстаудың полиция өкілдері облыс тұрғындары мен қонақтрынан карантин режимін сақтап, қорғаныш құралдарын қолдануды сұрайды.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!