02 мамыр 2020 17:25

Маңғыстауда аудан әкіміне коронавирус үшін сөгіс жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Lada.kz Сурет: Lada.kz

Маңғыстау облысында Қарақия ауданының әкіміне коронавирус үшін сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды "Лада".


Маңғыстау облысында Қарақия ауданының әкіміне коронавирус үшін сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды "Лада".

Қарақия ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 адам тіркелген. Өңірде барлығы 62 адамнан CОVІD-19 анықталған.

1 мамырда өңір басшысы Серікбай Трумов Сенек ауылы мен Жаңаөзен қаласына барған. Облыс әкімі блокбекеттерді тексеріп, Қарақия ауданы мен Сенек ауылынығ әкімдерімен кездесті.

"Бүгінге дейін 242 тұрғыннан талдау алынып, 9 үйде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Үйлердің жанында полиция қызметкерлері кезекшілік етеді", - деді аймақ басшысының баспасөз қызметі өкілі.

Облыс әкімі тұрғындардың карантин нормаларын сақтауына бақылауды күшейтуді, атап айтқанда жаппай іс-шаралар мен отбасылық жиындарды болдырмауға тапсырды.

"Карантин шараларының сақталуын қамтамасыз ету тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауына байланысты Қарақия ауданының әкіміне сөгіс жарияланды. Сенек ауылының әкімін қызметінен босату мәселесі қарастырылып жатыр", - деп толықтырды әкімдік өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети