Маңғыстау облысында итбалықтардың неліктен судан жырақта дала кезіп жүргені анықталды, - деп хабарлайды КТК.
Маңғыстау облысында итбалықтардың неліктен судан жырақта дала кезіп жүргені анықталды, - деп хабарлайды КТК.
Еске салайық, алдымен Қаражамбас-Қаламқас тасжолында итбалықтың жапан түзде бауырмен жорғалап бара жатқан видеосы пайда болған еді. Осыдан кейін Солтүстік Бұзашы кен орны маңында жұмысшылар тағы бір итбалықты көрген. Эколог мамандар Каспийдің ластанғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Олар жағалаудағы су, жер мен ауаны зерттеген.
Экологтар итбалықтар адам кінәсінен далада қалып қойған деген болжам айтқан. Жануарды қызықтаған адамдар жалыққан соң оны далада тастап кетуі мүмкін деген еді.
Тағы бір болжам бойынша, дала кезіп жүрген итбалықтың төлі болған. Ал олар қатып қалған теңізге жол таппай, күн шығысқа қарай беттей берген. "Қазақта сөз бар "кіндік қатар салқын", аязды айтады. Олар туған соң кіндіктері мұзға жабысып қалады, сосын жұлынады. Итбалықтың өзі суға сүңгіп кетіп, ал күшігі сол орынды таппай, күнді бетке алып жүре берген", - деп түсіндірді Маңғыстау облысының балық инспекциясы бастығының орынбасары Қуанғали Ашақов.