23 ақпан 2017 15:18

Дала кезіп жүрген итбалықтардың видеосы маңғыстаулықтарды алаңдатып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Lada.kz сайтында ашық даланы кезіп келе жатқан итбалықтың видеосын жариялаған. Видео авторы оқиғаның 21 ақпанда Қаражанбас кен орнынан қайтып келе жатқанда түсіргенін айтып, видеоға "Қаражанбас-Қаламқас тас жолында адасып жүрген итбалық" деген атау берген.


Lada.kz сайтында ашық даланы кезіп келе жатқан итбалықтың видеосын жариялаған. Видео авторы оқиғаның 21 ақпанда Қаражанбас кен орнынан қайтып келе жатқанда түсіргенін айтып, видеоға "Қаражанбас-Қаламқас тас жолында адасып жүрген итбалық" деген атау берген.

Ал кеше, ол 22 ақпанда Солтүстік Бұзашы кенішінде жүрген итбалықтың баласын видеоға түсіріп алған. Автор мұндайды алғаш көргенін айтады. 

"Кеше кен орындарының бірінде, 22 ақпанда, біз итбалықтың тірі баласын көрдік. Теңізге дейін 30 шақырымдай, айтарлықтай алыс. Бұл жерге қалай келгені әлі түсініксіз. Оны көлікпен осында әкеле алмадық, өйткені постта бізді күзет тексереді. Оны көрпемен ұстап алып, теңізге жібердік", - дейді ролик авторы.

Қазақстанның Гидробиология және экология институтының мамандары Каспийдің ластанғаны туралы болжамды жоққа шығарып, бұл жануарларды далаға адамдар апарып тастаған деген пайымға келді.

"Мен видеоны көрдім. Итбалықтарға бақылау жасамай тұрып, бірдеңе айту қиын. Бірақ оларды адамдар апарып тастаған болуы мүмкін. Жағалауда жүрген итбалықты ұстап алып, көлігіне салып алды да, жалыққан соң не істерін білмей далаға тастап кеткен шығар. Жануарлар аурушаң емес сияқты, түрлері сап-сау. Әдетте олар мекендерін тастамайды және далаға жорғалап кете алмайды. Олар судан жырақтамауға тырысады, өйткені қорегін судан табады. Каспий ластанды деген болжамды растай алмаймын, олай болғанда итбалықтар өлі немесе ауру болатын еді", - деп түсіндірді Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Тимур Баймұханов.

Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйегінде Форт-Шевченко жағалауында балық пен итбалықтардың өлі денелері табылған. Ол кезде сарапшылар итбалықтардың өлімі туралы пікірлері қақ айырылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети