Маңғыстаудағы қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін медициналық көмекке жүгінген жасөспірімдерді сауықтыру үшін олар "Кендірлі" демалыс орнына жіберіледі, - деп хабарлайды Lada.kz. Жасөспірімдердің жаппай аурухана түскен бірінші күнінен бері бір айдан артық уақыт өтті. Жасөспірімдердің көпшілігі бұрынғы өмірлері мен сабақтарына қайта оралды.
Маңғыстаудағы қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін медициналық көмекке жүгінген жасөспірімдерді сауықтыру үшін олар "Кендірлі" демалыс орнына жіберіледі, - деп хабарлайды Lada.kz. Жасөспірімдердің жаппай аурухана түскен бірінші күнінен бері бір айдан артық уақыт өтті. Жасөспірімдердің көпшілігі бұрынғы өмірлері мен сабақтарына қайта оралды.
Облыстың медициналық мекемелерінде үш жасөспірім қалды. Олардың екеуі Жаңаөзен қаласының ауруханасында, біреуі Маңғыстау облыстық ауруханада жатыр. "Балалардың барлығынан оң өзгеріс байқалады. Қазір біз "Кендірлі" демалыс орнына жіберілетін балалардың бірінші тобын дайындап жатырмыз. Сауықтыру кезінде демалыс пен физио ем шаралары жасалады. Алдағы уақытта тағы екі-үш топ жасөспірім он күндік курстан өтеді", - деді Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті үйлестіру бөлімінің басшысы Айгүл Телешева.
Дәрігерлер жасөспірімдердің ауруханаға түсулерін қызылшаға қарсы вакциналаумен байланыстырып отырған жоқ. Бұл дерек құжат жүзінде тек 21 жасөспірімге ғана қатысты расталған. Наурыз айында олар Астана мен Алматының емханаларында емделді. "Сол кезде комиссия науқастардың жағдайы мен салынған вакцинаның арасындағы ешқандай байланысты анықтамады. Жасөспірімдердің барлығында диссоциативтік бұзылу болған. Барлық дерек бойынша комиссияның тергеуі әзірше жүріп жатыр және бірдеңені түйіндеуге әлі ерте", - деді Телешева.
Қазақстандағы қызылшаға қарсы екпеден кейін әр өңірде жасөспірімдермен болған оқиғалардан соң вакциналау 4 мамырға дейін тоқтатылды. 9 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстандағы қызылшаға қарсы вакцинаның физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштері нормативтік талаптарға сай екенін хабарлады. "Қазақстандағы қызылшаға қарсы вакцинаның физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштері нормативтік талаптарға сай. Мұндай қорытындыға Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының мамандары келді", - делінген ведомство хабарламасында.