02 наурыз 2015 18:43

Қызылшаға қарсы иммундау 4 мамырға дейін тоқтатылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қызылшаға қарсы қосымша иммундауды тоқтату мерзімі 4 мамырға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылшаға қарсы қосымша иммундауды тоқтату мерзімі 4 мамырға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығының вакцина сапасы сараптамасының түпкілікті нәтижелерін алғанға, сондай-ақ иммундаудан кейін қолайсыз белгілердің туындау себептері зерделенгенше және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қорытындысын алғанға дейін иммундау кампаниясы 4 мамырға дейін тоқтатылды.

Айта кетейік, 2015 жылы 19 ақпанда Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау 15-19 жастағы тұлғаларды иммундаудан кейін қолайсыз белгілердің тіркелуіне байланысты тоқтатылған болатын.

"Сараптама нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы егілген ондаған адамның ауруханаға түскені хабарланған болатын. Сонымен қатар, мұның алдында Теміртауда медицина колледжінің 18 студенті қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін жоғары температурамен ауруханаға түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети