Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: тексеріс күшеймек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған оқиғалардан кейін мемлекеттік бақылау тәсілдері өзгермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған оқиғалардан кейін мемлекеттік бақылау тәсілдері өзгермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Яғни бұл балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, жан-жақты бағалау үшін тексерістер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ, нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторинг сапарларын енгізуге бағытталған.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен келісе отырып, Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталуына жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр. Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды, бүгінгі таңда 14 мектептің ас блогы тексерілді. Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрлігін, Бас прокуратураны қоса алғанда, мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды", - деп жазылған хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінен ведомствоаралық жұмыс тобы құрамына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман кірген.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау жүйесінде кемшіліктер барын айтты. Президент Маңғыстауда оқушылар жаппай уланған жайттар туралы да мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer