14 желтоқсан 2022 08:59

Маңғыстаудағы адамшошырлық оқиға: көршілері отбасы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында 38 жастағы ер азамат әуелі үш баласын, содан кейін өзін асып өлтірген. Балалардың үлкені 8-де, ал кішісі әлі бір жасқа да толмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға отбасындағы ұрыс-керіс себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Көршілерінің айтуынша, олар қарапайым, тыныш отбасы болған. Ерлі-зайыптылар наубайханада жұмыс істеген.

"Көрші ретінде жақсы адамдар болды. Балалары, күйеуі, әйелі жақсы болып көрінді. Олардың қайсысы жұмыс істегенін білмеймін, көлікпен жүретін. Әрине, бұл жантүршігерлік жағдай баршамызды шошытты", - дейді көршісі Елизавета Музыка.

Еске салайық, 11 желтоқсанда сағат 19.45 шамасында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздігінен асылып өлген 4 мәйіт табылған туралы хабарлама түскен. Кейін олардың 38 жастағы ер адам, сонымен бірге 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық бала екені анықталды.

Тексеру барысында Б. есімді азамат жіберген аудиожазба анықталған. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан. Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети