23 мамыр 2017 10:00

Мәншүк Мәметованың ескерткішінің астынан өткен ғасырдағы хат табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Оралда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішін демонтаждау кезінде ескерткішті орнатқандардың аты-жөні жазылған хат табылды, - деп хабарлайды "Уральская неделя"


Оралда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішін демонтаждау кезінде ескерткішті орнатқандардың аты-жөні жазылған хат табылды, - деп хабарлайды "Уральская неделя"

Мәметованың ескерткіші алаңда 30 жылдай уақыт тұрған. Оның орнына автор Нұрлан Далбайдың 138,5 миллион теңге тұратын "Қазақтың батыр қыздары" мүсін композициясы орнатылады екен. 

Жұмысшылар ескерткіштің гранит плиталарын бірнеше күн бойы демонтаждау жұмысын жүргізген. Жұмысшылар жұмысты енді аяқтап жатқан сәтте шыны шөлмек табылып, оның ішінен авторлардың аты-жөндері жазылған хат шыққан. 


© "Уральская неделя"

БҚО тарихи-мәдени мұра инспекциясының директоры Талғат Жүсіпқалиевтің айтуынша, ескерткішті зерттеу жөніндегі комиссия оның бүлінгенін және дефектілері бар екенін анықтаған. Ескерткішті реставрациялау туралы шешім шыққан. Басылымның мәліметінше, ескерткіш БҚО-дағы аудандардың біріне жеткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети