02 маусым 2023 11:35

Марқұм Гүлмира Кәрімованың орнына кім сенатор болды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қазақстанда Парламент Сенатының жаңа мүшесі сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК-ға сілтеме жасап.


Қазақстанда Парламент Сенатының жаңа мүшесі сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК-ға сілтеме жасап.

2 маусымда қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаттығына сайлау өтті.

Сенат депутатын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Облыс бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 193 депутаты енгізілген.

Парламент Сенатының депутаттығына облыстан екі үміткер болды. Дауыс беру нәтижесінде облыстағы Amanat филиалының төрағасы Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысынан сенатор болып сайланды. Ол сайлаушылардың 74,4 пайыз дауысын алды.

Облыстан сенаторлыққа екінші үміткер ретінде Солтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Рауза Қасенова қатысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети