01 сәуір 2017 13:11

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың жесіріне Әуезов театрының заңгері жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының заңгері Ілияс Құсайынов марқұм Шалқар Үркімбаевтың жесірі Оксана Үркімбаеваның БАҚ өкілдеріне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының заңгері Ілияс Құсайынов марқұм Шалқар Үркімбаевтың жесірі Оксана Үркімбаеваның БАҚ өкілдеріне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңгер Құсайыновтың айтуынша, Алматыдағы театр жатақханасындағы бір бөлме Шалқар Үркімбаевқа 2008 жылдың 23 наурызында берілген. Пәтер беру туралы шешімді сол кездегі театр директоры Есмұхан Обаев марқұмның өтініші негізінде шығарған.

"Ал 2012 жылы мезгілсіз дүниеден озған Ш.Ж.Үркімбаевтың қайтыс болғандығы туралы анықтамасында (19.06.2012ж) 20-319-12-0000851 тіркеу бойынша қайтыс болу себебі белгіленбеген, медициналық сараптама нәтижесі ашық бас-ми жарақатын көрсеткен. Марқұм қаза болған күнгі қойылымда ойнамаған, репитицияда болмаған. Оқиға жұмыс орнында, жұмыс жағдайында болмаған. Театр басшылығы асыраушысынан айырылған отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып баспаналы болғанша театр меншігіндегі жатақханада уақытша тұруға рұқсат еткен. 2013 жылдың 10 шілдесінде толыққанды емес отбасы есебінде тұрғын үй алу кезегіне тұрған Оксана Үркімбаева 2016  жылғы анықтама негізінде 4036-ші кезекте тұрған болатын", - дейді заңгер. 


М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының заңгері Ілияс Құсайынов

Сондай-ақ, Құсайынов соңғы уақыттарда Оксананың басқа еркекпен тұрып жатқанын көрген театр қызметкерлерінің театр директоры Ерлан Біләлден бөлме сұрап, болған жағдайды баяндап келушілер көбейгенін айтып отыр. Осыдан кейін театр ішінен арнайы құрылған комиссия жүргізген тексеру қорытындысында Оксананың бөтен еркекпен тұрып жатқаны, 2015 жылы Дамир ұлы Әлібек есімді екеуінің ортақ сәбилері дүниеге келгені анықталған.

Ал, марқұмның Шұғыла және Айдана есімді қыздары Шалқардың әке-шешесінің қолында тәрбиелін жатыр екен.

"Осы оқиға негізінде  басқа еркектің жары болып, оған ұл туып берген Оксана Үркімбаева Шалқардың отбасы болып саналмайды. Өз еркімен театр меншігі болып саналатын пәтерді Оксана Үркімбаева босатудан бас тартқандықтан, Алмалы аудандық сотқа жүгінуімізге тура келді. Сондай-ақ, тұрғын үйге қарасты пәтер иелері кооперативі (КСК) басшысы З.Сыздықованың театр басшысы Ерлан Біләлдің атына жазылған, театрға тиесілі Оксана Үркімбаева тұрып жатқан бөлме коммуналдық қарыздары мен жөндеу жұмыстары үшін қарыз екенін, оны Оксанадан қанша талап етсе де төлемей отырғанын, ал сотқа берейін десе заңды иесі театр әкімшілігі екенін жазған хаты екінші негіз болды. Сондай-ақ, ПИК басшысы Оксана Үркімбаева тұрғындарды коммуналдық қызметтер үшін ақша төлемеуге шақырып, өзін ПИК бастығы етіп сайлауды көздеп жүргенін айтып, О.Үркімбаеваны театр бөлмесінен шығару керек деген ұсынысын баяндаған", - делінген театр заңгерінің жауабында.

Сонымен қатар, Құсайыновтың жауабында күйеуінің өлімінен кейін Оксана Үркімбаева басқа азаматқа тұрмысқа шығып, одан ұл бала сүйгені айтылып отыр. "Бұл жағдайда жанұя Шалқар Үркімбаевтың отбасы болып саналмайды. Сондықтан олар пәтердің заңсыз тұрғыны болып есептеледі. Біз бұл жағдайды Оксана Үркімбаеваға 2016 жылдың маусым айында ескертіп, өз жағдайын жасап алуға уақыт бердік. 2017 жылдың 23 қаңтарында кезекті ескерту жасалды. Бүгінде 2 сот отырысы болып өтті. Сот өз төрелігін береді! Мұндай мәселеде заңды құжаттар мен дәлелдерге сүйеніп, сот шешімін күткен жөн", - делінген заңгердің жауабында.

Айта кетейік, осыған дейін Шалқар Үркімбаевтың отбасы далада қалуы мүмкін екені хабарланған болатын. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының басшысы марқұмның отбасын қызметтік жатақханадан қуып жатқаны айтылған. "2012 жылдан бастап жаңағы театрдың басшысы үй алғанша осы жатақханада тұра беріңдер деген. Қалай басшы ауысты, 2016 жылы, солай мені осы жатақхананы босат деп қудалап жатыр. Менің қазір төрт балам бар. Көп балалы анамын", - деп назын айтқан еді марқұмның әйелі Оксана Үркімбаева.

Мұхтар Әуезов театрының директоры Ерлан Біләлов осы оқиға жайлы пікір білдіре отырып, жатақханада театрдың қазіргі әртістері де тұру керек деген еді. "Өзіміздің қызметкерлер, үйсіз-күйсіз жүрген жастар, отбасылары бар. Солар енді естиді ғой, біледі. Мен естідім, ол басқа күйеуге тиіп кеткен, одан бала тапқан деп. Сол кезде мен ойладым, ол енді Шалқардың отбасы емес", - Біләлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети