23 сәуір 2014 | 18:55

Марокколық мейман ЕҰУ-дың құрметті профессоры атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Мұхаммад  Аш-Шейх Биядилла. ©Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Мұхаммад Аш-Шейх Биядилла. ©Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Марокко Парламентінің кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилла Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Марокко Парламентінің кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилла Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанаға ресми сапармен келген марокколық делегациясының жетекшісі Еуразия ұлттық университеті студенттері мен оқытушылар құрамы алдында дәріс оқыды. Дәрістің тақыбыры - "Марокко конституциясына енгізілген жаңа өзгерістер". "Мұхаммад Аш-Шейх Биядилланың айтуынша, бұл елдің Конституциясына жасалған реформаның басты қағидасы - адам құқығын қорғау. Елдің басты заңына азаматтардың тең құқықтылығы, заңды құрметтеу, дін және сөз бостандығын сақтау, тұрғындардың қоғамдық әлеуметтік мәселелерін көтеретін ұйымдар мен әріптестікте жұмыс істеу, әйелдердің құқын шектемеу сияқты жаңа талаптар енгізілген", - деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Марокко Парламентінің кеңесшілер палатасының төрағасы Таяу Шығыс елдерінде болған "Араб көктемі" деген атаумен белгілі әлеуметтік толқулар барлық мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін төмендетіп, Сирия сияқты елді күйретіп жібергенін айтты. "Ал 33 миллион халқы бар Марокко ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытып, жеміс-жидектерді Еуропа елдеріне сәтті экспорттап отыр", - деді Биядилла. Оның айтуынша, әлем жұртшылығы Марокко қантының сапасын жоғары бағалайды. Марокко Boeing аэробустарының саймандарын сапалы жасауды жолға қойып, Жапония, Корея, Үндістан және басқа да елдермен жаңа технологиялы электронды өнімдер шығаруды қолға алған.

Дәріс аяқталғаннан кейін Мұхаммад Аш-Шейх Биядиллаға университеттің құрметті профессоры атағы берілді. Арнайы куәлікті қонаққа ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов табыс етті. "Сонымен бірге, ЕҰУ Марокконың халықаралық университетімен әріптестік байланыс орнатуға уағдаласты", - делінген университеттің баспасөз парағында. Айта кетейік, мұның алдында мәртебелі мейман ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, халықаралық ахуалдың өзекті мәселелері мен Қазақстанмен арада екіжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети