23 сәуір 2014 16:43

Марокконың туристерді тарту тәжірибесін үйренуге мүдделіміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммад Аш-Шейх Биядилла. ©ҚР Парламенті Сенаты Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммад Аш-Шейх Биядилла. ©ҚР Парламенті Сенаты

Қазақстан Марокконың туристерді тарту тәжірибесін үйренуге мүдделі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Марокконың туристерді тарту тәжірибесін үйренуге мүдделі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палатаның хабарлауынша, Астанаға Марокко Корольдігі Парламенті кеңесшілері палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилла бастаған делегация келді. Бұл - Марокко жоғары лауазымды шенеуніктерінің екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнағалы бері Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары. Меймандар ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

"Сенатта Қазақстан-Марокко қатынастарының ауқымды мәселелері және халықаралық саладағы өзекті тақырыптар төңірегінде төрағалардың арасында жемісті әңгіме өрістеді. Қ.Тоқаев жоғары мәртебелі мейманның сапары парламентаралық байланыстардың маңызды орын алатын өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Осыған байланысты жүздесушілер екі елдің парламенттеріндегі депутаттардың ынтымақтастық топтарындағы жұмысына жан-жақты жәрдемдесуге уағдаласты", - делінген хабарламада. Сондай-ақ Қазақстан тарапы Марокконың туристерді тарту жөніндегі тәжірибесіне қызығушылық танытқан. "Тұрақтылығы, географиялық орналасуы мен дамыған инфрақұрылымының арқасында бұл елге жылына 10 млн-нан астам турист келеді, негізінен, Еуропа елдерінен", - делінген Сенат баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстан Сенатының төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат ететін "Қазақстан-2050" Стратегиясының іске асырыла бастағаны туралы айтты. Ол Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесіне Марокко елін шақырды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы ретінде Тоқаев 2015 жылға жоспарланған бесінші Съезге әзірлік туралы хабардар етіп, оған Марокконың жоғары саяси деңгейде қатысу мүмкіндігін талқылады. Сенат Төрағасы: "Қазақстан Марокконың Королі Мұхаммад VІ дінаралық үнқатысуды дамытуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайды. Сондықтан біздің елдеріміз мұсылмандар және батыс елдері арасындағы түсіністік пен бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен бастамаларды көтере алады, - деп атап өтті. Тоқаев Марокко королінің алдағы жылғы Съезге қатысуына сенім білдірді.

Өз кезегінде Марокко Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы қазіргі кездегі Марокконың дамуы, араб әлеміндегі және Африка құрлығындағы жағдай туралы жан-жақты айтып берді. Елде конституциялық реформа жүргізіліп жатыр, саяси тұрақтылық және экономикалық өркендеу қамтамасыз етілуде. Кездесу қорытындысы бойынша журналистер алдында сөз сөйлеген Биядилла Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы Қазақстанның елеулі үлесін атап өтіп, оның тұрақтылығы мен даму қарқынын жоғары бағалады.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Марокконың Королі Мұхаммад VІ ішкі саяси және аймақтық тұрақтылыққа зор мән береді. Сонымен қатар, екі мемлекеттің басшылары өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуға жан-жақты жәрдемдесіп келеді. Мұндай үнқатысу қауіпсіздікті нығайтуға елеулі түрде ықпал етеді", - деп атап өтті ол. Мейманның айтуынша, Қазақстан мен Марокконың тұтастай қарағанда, ынтымақтастықты одан әрі дамытуда, оның ішінде балама энертегика мен ауыл шаруашылығы салаларында көптеген ортақ мүдделері мен мүмкіндіктері бар.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы Қазақстан мен Марокко арасындағы тауар айналымы 86 млн долларға жеткен. Қазақстан Мароккоға негізінен күкірт пен басқа да химиялық заттарды жөнелтсе, Мароккодан бізге цитрус өнімдері әкелінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети