"Мас" депутат туралы видео авторы өз әрекеті үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мас" депутат туралы видео авторы өз әрекеті үшін кешірім сұрады

"Мас" депутатты видеоға түсіріп алған ер адам жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мас" депутатты видеоға түсіріп алған ер адам жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметінің өкілдері айтты. 

Ролик авторының сөзінше, ол "бұл видеоны қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірмеген". 

"Біріншіден кешегі Қазыбек Исаға байланысты тараған видеоға қатысты ең бірінші халықтан кешірім сұраймын. Яғни қарапайым адамдар, әсіресе үлкен ағаларымыз менің істеген ісімді дұрыс емес деп баға беріп отыр. Демек мен ресми түрде олардың пікірімен санаса отырып бірінші кезекте халықтан және Қазыбек Иса ағамыздың өзінен кешірім сұраймын. Шыны керек, Қазыбек аға, сіз халықтың өте жоғары сеніміне ие екенсіз.  Ендеше Парламентте нәтижелі жұмыс істеп, елге айна болыңыз дегім келеді. 

Екіншіден, ескерту, бұл видеоны мен қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірген жоқпын. Өзім түсіргенімді мойындаймын. 

Үшіншіден, менің кешірімімді сіз қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба, Қазыбек аға, ол өз еркіңізде. Дегенмен егер қабылдамасаңыз заңда көрсетілген жазаны ер азамат ретінде мойныммен көтеруге дайынмын", - деді ер адам. 

Еске салайық, бүгін Желіде "мас" депутаттың видеосы таралып, оған "Ақ жол" партиясы өкілдері пікір білдірген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актуальные новости КZ и Мира🌏 (@novosti.kz_)

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Мәжіліс депутаты ретінде тіркеуге ұсынылған "Ақжол" партиясының депутаты Қазыбек Иса түсірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети