Масанчиде зардап шеккен екі адам Алматыға санавиациямен жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Масанчиде зардап шеккен екі адам Алматыға санавиациямен жеткізілді

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған тәртіпсіздіктерден зардап шеккен екі адам ауыр жағдайда Алматының 7 қалалық ауруханасына санавиация ұшағымен жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің басы жарылған, миы зақымданған, оқ тиген.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын растады. Кейін WhatsApp, Facebook желісінде "Қордайдағы видеолар" деген атаумен түрлі видео тарады. Онда өртенген ғимаратты, сынған көліктерді, байқауға болады. Видеоның оқиға орнында түсірілген-түсірілмегені белгісіз.

Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Оқиғаның хронологиясы

Сондай-ақ осы күні Масанчи ауылының маңындағы Сарытөбе ауылында тұрғындар мен полиция арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы да жарияланды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайдайға қатысты пікір білдіріп, тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Масанчи және Сарытөбе ауылдары Қырғызстанмен шекара маңында орналасқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети