07 тамыз 2020 17:42

Маска тақпаған 2 мыңнан аса алматылыққа айыппұл салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда маска тақпаған 2002 тұрғынға айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда маска тақпаған 2002 тұрғынға айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көптеген тексеріс жұмысы жүргізіліп, тиісті шара қабылданды. Шамамен 2200 айыппұл салынды. Маска тақпаудың 2002 дерегі тіркелді. Біз адамдарға ғана емес, бизнес өкілдеріне айыппұл салып жатырмыз. Оның мөлшері 230 АЕК (638 940 теңге). Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - дейді Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Үйдегі карантинді бұзған алматылықтарға 83 340 теңге айыппұл салынады

Айта кетейік, Алматыда 12 995 адам COVID-19 жұқтырды. 7 965 науқас дертінен айықты, 164 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті. 70 680 науқас жазылды, 1 058 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети