11 мамыр 2018 10:44

Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан билігі халықаралық іздеу жариялаған "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын беруді сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости Мәскеудегі Пресненский соты залынан. Мұнда оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады. 

"Сот Ертаевты ұстау мерзімін қосымша дәлелдер ұсынылғанша ұзарту қажет деп есептейді, сонымен қатар, Ертаевтың РФ азаматтығын алу туралы өтінішінің қарастырылуын күту керек", - деген судья қазақстандық кәсіпкердің ұстау мерзімін 13 мамырға дейін ұзартты. 

Мәскеу прокуратурасы болса Ертаевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде 16 маусымға дейін қамауда ұстауды сұраған. 

Мұның алдында Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандық банкир әрі кәсіпкер Жомарт Ертаевтың не себепті ұсталғанын айтқан болатын. 

"Ол "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген, сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен", - деп хабарлаған еді министрлік өкілдері.

Қазіргі уақытта Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Ертаевтың қорғаушылары сотқа оның халықаралық іссапарда жүргенін және жасырынбағанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети