ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке қаладағы арықтардың мәселесі туралы тағы да ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке қаладағы арықтардың мәселесі туралы тағы да ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтің Астанада өткен аймақтық отырысында Кәрім Мәсімов Алматы әкіміне арықтарды көріп шығуды ұсынды.
"(...) Екінші мәселе, арықтар сол бойы тазартылмаған. Бұған не айтасыздар?", - деп сұрақ қойды премьер-министр.
"(...) Кәрім Қажымқанұлы, мен бұл мәселе туралы баяндамада жасадым. Біз министрмен бірге бұл мәселені қарап шықтық, тағы да қайталап айта аламын. Біз арықтың 188 шақырымын тазартып шықтық. (...) Проблемалар бар, олар болады да. Біз соны қазір шешіп жатырмыз. Қаладағы жағдайды бақылап отырмыз", - деді Байбек.
"Мен келгенде, сізбен бірге арықтарды көріп шығамын. Сіз мен келгенше сол арықтармен жүріп өтіңіз", - деді Кәрім Мәсімов.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Алматыдағы су басу туралы мәселені көтерген болатын. Оның айтуынша, "жүзіп жүрген" Tesla көлігінің кесірінен Алматының жаман аты шықты.