"Жүзіп жүрген" Tesla көлігінің кесірінен Алматының жаман аты шықты - Мәсімов

21 Маусым 2016, 11:29
0
"Жүзіп жүрген" Tesla көлігінің кесірінен Алматының жаман аты шықты - Мәсімов -

Үкіметте Алматыда толассыз жауған жауынның салдарынан болған су басу мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Алматы әкіміне сұрағым бар. Алматыда су басқан кезде "жүзіп жүрген" Tesla көлігінің арқасында біздің қала жағымсыз жағынан көрінді. Жолдың барлығын су басты. Бұл қалай болды? Мәселеде неде?", - деп сұрақ қойды Үкімет басшысы Бауыржан Байбекке.

"(...) 17 маусымда айлық норма 60 миллиметр бола тұра, үш сағаттың ішінде 47 миллиметр жауын, ал тау жақтарда 57 миллиметрге дейін жауын жауған", - деді Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, соңғы рет мұндай жағдай 1957 жылы тіркеліпті.

Сонымен қатар, Алматы әкімі 17 маусымда жауынның салдарынан 94 су басу жағдайы болғанын айтты. "(...) Кешке жақын су басқан аумақтарда жұмыс жасадық. Тоқтаттық", - деді Байбек. Оның айтуынша, су басу мен сел тасқыны қаупі бар аймақтарда тексерістер жүріп жатыр. Қарғалы өзенін қайта қалпына келтіру жұмыстары да басталды.

Айта кетейік, 22-23 маусымда тағы да қатты жауын-шашын күтіледі. "Жағдайды ескере отырып, жаңбыр жаумас бұрын техниканы орнатамыз", - деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, премьер-министр жақын арада Алматыға келуді жоспарлап отырғанын айтты. "Барлығын сіздермен бірге өз көзіммен көремін", - деді Мәсімов.

Еске салайық, 17 маусымда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Алматыдағы көшелер су астында қалған еді. Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына мегаполистің қозғалысы көп көшелеріндегі су басып қалған аумақтардың суреттері мен видеоларын жолдады. Әл-Фараби, Абай және Достық даңғылдарындағы көліктердің су астында қалғаны хабарланды. Осыған байланысты қаланың кейбір бөлігінде кептелістер пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, кейбір көліктер жол бойында тұрып қалып жатыр.

Сонымен қатар, Tesla Model S иесі Санжар Алтаев Алматыда су басқан кезде электркөліктің артықшылықтарын көрсете алды. Еске салайық, Илон Маск Алматыда су басқан кезде "жүзіп жүрген" Tesla көлігіне қатысты пікір білдірген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай