20 маусым 2016 09:33

Илон Маск Алматыда су басқан кезде "жүзіп жүрген" Tesla көлігіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Elon Musk © elonmusk Twitter Elon Musk © elonmusk Twitter

Tesla Motors басшысы Илон Маск Алматыда су басқан кезде "жүзіп жүрген" Tesla көлігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Масктің Twitter желісіндегі жазбасына сілтеме жасап.


Tesla Motors басшысы Илон Маск Алматыда су басқан кезде "жүзіп жүрген" Tesla көлігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Масктің Twitter желісіндегі жазбасына сілтеме жасап.

Бұған дейін желіде Tesla Model S көлігінің жүргізушісі Санжар Алтаев видео жариялаған еді. Видеороликте Алматыдағы электркөліктің артықшылықтары байқалады. Ал видеоның кадрларынан көліктің судың ішіне бүйір айнасына дейін көтерілгені көрінеді. Алайда бұл электркөлікке қаладағы жаңбырдан пайда болған су тасқыны кедергі келтірмеді.

Айта кетейік, кейінірек бұл кадрлар батыс ақпарат құралдарында пайда болды. Бірақ олар Қазақстан мен Ресейді шатыстырып алыпты. Tesla көлігінде жүзу туралы жазбаға қатысты Tesla Motors компаниясының бас директоры Илон Маск пікір білдірді. Ол өзінің Twitter парақшасында Tesla көлігінің иелері су басқан туннельдерді еш өтіп, жолдың басқа бөлігіне өтіп жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар ол "компания көлікті мұндай мақсаттарда қолдануға кеңес бермейді, бірақ S Model-дің аз уақытқа қайық бола алатынын" жазды.

Еске салайық, 17 маусымда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Алматыдағы көшелер су астында қалған еді. Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына мегаполистің қозғалысы көп көшелеріндегі су басып қалған аумақтардың суреттері мен видеоларын жолдады. Әл-Фараби, Абай және Достық даңғылдарындағы көліктердің су астында қалғаны хабарланды. Осыған байланысты қаланың кейбір бөлігінде кептелістер пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, кейбір көліктер жол бойында тұрып қалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети