06 сәуір 2016 | 19:03

Мәсімов Ереванда өтетін саммитке бармайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com/eecommission © Facebook.com/eecommission

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов ЕАЭО үкімет басшылары саммитіне бармайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов ЕАЭО үкімет басшылары саммитіне бармайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оның не себепті бармайтыны әзірше белгісіз, бірақ анық бармайды, шешім қабылданды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері. Айта кетейік, бұған дейін саммиттің 8 сәуір күні Ереванда өтетіні хабарланған еді.

Сонымен қатар, одаққа мүше елдердің ЕАЭО үкімет басшылары саммитінің өтетін күні мен өткізілетін жерін ауыстыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.

"Бұл жөнінде нақты шешім қабылданған жоқ", - деді ҚР министрлер кабинетінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бүгін, 6 сәуірде Назарбаев пен Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды телефон арқылы талқылаған болатын. Путин ресейлік тараптың жағдайды түзеу мақсатында жасап жатқан аралық қадамдары жайлы құлағдар етті. Мемлекеттер басшылары Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікірлерін айтып, оны бейбіт түрде шешу жолдарын талқылады. 

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап Қарабақ қақтығысының аймағында атыстар басталған еді. Әзірбайжан мен Армения бір-бірін тату бітімді бұзды деп айыптады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети