ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Әділбек Жақсыбековті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ұжымымен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" АҚ ұжымына Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған жаңа басқарма төрағасы - Астана әкімі Әділбек Жақсыбековті таныстырды", - делінген Үкімет басшысының сайтында.
Айта кетейік, таяуда Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Талғат Амангелдіұлы Ермегияев "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ол компанияны 2013 жылдың қаңтарынан бері басқарды.