Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мәсімов жер реформасы жөніндегі Комиссия жұмысының ел жұртшылығы үшін маңыздылығын айтты

12 Мамыр 2016, 10:28
4
© primeminister.kz
© primeminister.kz

Мәсімов жер реформасы жөнінде Комиссия жұмысының ел жұртшылығы үшін маңыздылығын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап. Кеше ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында жер реформасы бойынша Комиссия құру туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру барысы қаралды. 

Үкімет басшысы ақпарат және коммуникациялар министрлігіне Комиссия жұмысының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастырып, өңірлерде тиісті ақпараттық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Аталған мәселе бойынша ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - Комиссия жетекшісі Бақытжан Сағынтаев баяндады.

Комиссия құрамына Парламент мәжілісі мен сенатының депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялардың, агробизнестің, салалық қауымдастықтардың өкілдері, ғалымдар және азаматтық белсенділер кіреді.

Сонымен қатар, өңірлерді де көптеп қамту үшін Комиссия жұмысына қоғамдық кеңестер де тартылатын болады.

Сондай-ақ, отырыста Комиссия жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың хабарламалары тыңдалды.

Комиссияның саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен және өңірлермен өзара іс-қимылы туралы "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Комиссия жұмысындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ролі туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов сөз сөйледі.

Еске салайық, айдың басында Назарбаев Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялаған болатын. Кейін елбасы айтып өткен нормалар жайлы толығырақ белгілі болды. Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. Жарлыққа сәйкес, ҚР Президенті "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға; 2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге; 3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жариялады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай