01 қыркүйек 2020 10:06

Математиканың әдемілігі неде және баланы оған қалай қызықтыруға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында "Пифагор" онлайн-мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов кез келген баланың математикалық дағдысын дамыту туралы және ол не үшін қажет екенін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында "Пифагор" онлайн-мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов кез келген баланың математикалық дағдысын дамыту туралы және ол не үшін қажет екенін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - "Қазақтелеком" АҚ. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы.

Әртүрлі математика

Асан Жолдасов математика уақытқа, тереңдігіне, тақырыбына байланысты әртүрлі болатынын айтады. 

"Егер мектеп, бала кезді айтсақ, ол қарапайым арифметикадан басталады. Сосын өсіп, дамиды. Ол әр елде әртүрлі. Батыс елдерінде де. Көбіне кеңес үкіметіндегі математиктер батыс математикасын күлкі қылатын. Америка, Еуропа елдеріндегі кітаптарды ашсаңыз, ол жерде қарапайым нәрселерді саусақ арқылы түсіндіреді", - дейді ол.  

"Батыс елдерін қорғай келе олардың кітабының мағынасы тереңде екенін, бірақ бәрі үшін емес екенін айтқым келеді. Оларда әркім білуі керек, егер қажет болса тереңірек түсініп алады деген стандарттық минимум бар", - лдейді спикер.  

Олимпиадалық рейтинг бар. Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей, Украина және біресе Беларусьты озып, біресе қалып 3-4 орындарда. 

Қазақстандық мектептер арасында да рейтинг бар. 

"Көбіне адамдар ҚТЛ-дің өзінің математикасы, Физмат мектебінің өзінің математикасы, НИМ-нің өзінің математикасы бар деп ойлайды. Ол рас та. Олардың математикасы жақсы деп ойлайды, ол да бір сұрақ. Назарбаев интеллектуалдық мектебі туралы айтар болсақ, кейде өзім де ол жердегі математика қаншалықты терең деп ойланамын. Олардың сайтындағы ресми мәліметке сүйенсек, олар үшін ешқашан тереңінен оқытып, оқымысты адамды шығару міндетті емес. Олардың адамды тұлға ретінде қалыптастырудағы мақсаты басқа", - дейді Асан Жолдасов. 

"Әр мектеп өзінің стратегиясын құрып, сол бойынша жұмыс жасайды. Әрқайсының мықты, әлсіз тұсы бар. Бірақ кез келген адам математикадан нақты не керегін түсіне бермейді", - дейді ол. 

Математикалық қабілет

"Бала ата-анасымен, жаттықтырушымен немесе мұғалімімен отырып, сабақ оқып отыр. Ол үшін есепті мұғалім шешіп береді, ал бала кино көргендей отырады. "Түсіндім, түсіндім, түсіндім" деп бірнеше рет қайталап отырады да, тақырыпты түсіндім деп есептейді. Ал жарты жылдан кейін ұмытып қалады", - дейді спикер. 

Осылайша егер бірнеше тақырыпты үйренсең математиканы үйреніп алдың деген қате ой қалыптасады. 

"Маған ата-аналар келіп, "Асан, өтініш, айтшы, балам математик па әлде гуманитарий ме?" дейді, мен  ондайды ұнатпаймын. Мен баяғыдан бері олай бөлмеймін, себебі кез келген балада математиканы дамытуға болатынын түсіндім, әрине әртүрлі деңгейде, бірақ кез келген балада дамытуға болады. Әрине, қызығушылық мәселесі де бар", - дейді маман. 

Олимпиадаға оқушыларды дайындау барысында кез келген баланы математик етіп шығаруға болатыны анықталған. 

"Бастысы оны қызықтыру керек. Ал математиканы оның бар болмысын, қызық жерін және болашақта қолданатын жағдайды түсінген кезде жақсы көруге болады", - дейді спикер.   

Оқушылардың шамасын анықтау барысында Асан Жолдасов көп адам өзін-өзі жоғалтып алғанын, алдына мақсат қоя алмағанын айтады. 

"Мен шынымен Қазақстандағы, әлемдік олимпиадаларды жеңген балалар артынша ғылым қуалап, кәсіппен айналысып, кез келген салаға кетеді деп үміттендім. Бірақ шын мәнінде олай болған жоқ. Олардың көбі өзін жоғалтып алғанын білдім, себебі мен өзім білмейтінді үйреткен жоқпын. Айқын мақсат қойып, соған жету, қолдарынан келеді дегенмен қиын. Яғни мұғалім не қандай да бір математик, анасы өзіне мақсат қоя білмейді, бір нәрсені қаламайды. Қарым-қатынас орнату да қиын. Сол қатенің салдарынан көп шығын болды", - дейді маман. 

Үш жыл үзілістен кейін қазақстандық математик сабақ беруге қайтадан оралған.  

"2018 жылдан бастап өзін-өзі дамыту курстарына қатыстым, мен өзімді өзгерте бастадым және ол басқа да дағдылармен қатар жүруі керегін түсіндім. Бірінші курстағы кезімді көрсеңіздер. Мен артық ауыз сөз айтпайтын, орысша онша сөйлемейтін бала болдым. Менің педагогикалық тәжірибем басқа дағдыларымды дамытуға көмектесті. Көп математик соны дамытпайды. Оларға өзімшілдігі кедергі келтіреді, себебі олар өздерін гуманитарийлерден ақылды деп санайды. Өкінішке қарай, көптеген математикте "Гуманитарий - адам емес" деген қате пікір қалыптасқан. Ал негізінен гуманитарийлер табысты әрі мықты болып келеді", - дейді Асан Жолдасов.  

Математика не үшін қажет?

"Математиктер бала күнінен ерекше болады. Егер ол "Неге?" деген сұрақты ұзақ уақыт бойы қойса, онда олар математиктер. Мықты профессор оған бәрі қызық болатын бала секілді көрінеді", - дейді Асан Жолдасов. 

Спикер бір есепті шығару оны қиындықтар мен біраз нәрсенің мәнін ұқтырған оқиғасын бөлісті:

"8 сыныпта Айбатыр Жұмағұлов, қызық математик, бізді ерекше әдіспен оқытқан. Ол тақтаға бір есепті жазып, бізге 4 сағат қарап отыратын. Алғашқы кездері жарты сағат есепті шығаруға тырысып, сосын дем алып, сосын іші пыса бастап, сосын қарнымыз ашып, қарап отыратынбыз, сосын уақыт та бітетін. Келесі сабақта бізге шешімін айтады деп ойладық, келген кезде ол есепті қайтадан жазып, бізге қарап отыратын. Осылай бір есепті бірнеше рет жазып, бізді қинады, сосын ол мәселені шешу керегін және оның бір шешімі бар екенін түсіндік. Бір есеп 100 есепке қарағанда бірнеше нәрсені істеп, біраз дүниенің мағынасын түсінуге мүмкіндік берді". 

Спикер болашақта не болатынын, жалпы болашақ туралы қатты алаңдамауы керегін айтады. Бастысы - ешқашан өзгермейтін іргелі заттарды үйрету керек: ойлау, талқылау, ойыңды логикалық тұрғыдан құру, ойлардың өзгеруін болжай білу, құру, оңтайландыру.

Математика кез келген жерде қажет. 

"Егер сандар шынайы берілсе, екіншіден, басқаруды жақсы сараптама жасап, жылдам, белсенді, мықты жүргізсек. Елдің цифрландырылуы жақсы болар еді және басқару өкілдері бір жерлерде соңынадейін ойластырылмаған, баяу жүргізілген дұрыс, жақсы шешімдерді көрер еді. Кей мәселені тез шешуіміз мүмкін еді, бәлкім жазда болған оқиға салдарынан адам шығыны аз болар еді. Сондықтан ешкім болашақты болжай алмайды, бірақ ойлау, талқылау, ойыңды логикалық тұрғыдан құру, түсіну, жағдайға басқаша қарау қазір және болашақта қажет болатын негізгі дағдылар", - дейді Асан Жолдасов. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FMЯндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети