31 қазан 2019 09:21

Мәулен Әшімбаев жаңа институттың басшысы болды

Мәулен Әшімбаев © ОҚК Мәулен Әшімбаев © ОҚК

Президент кеңесшісі Мәулен Әшімбаев Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сыртқы істер министрлігінде "Сыртқы саяси зерттеулер институты" АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырды. 

© ІІМ баспасөз қызметі

Мәулен Әшімбаев биыл шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалған. Оған дейін Парламент Мәжілісінің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған. 

2012-2016 жылдар аралығында ол V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі құрамында болған. 2016 жылдың наурызынан VI шақырылымның төменгі палатасының депутаты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети