18 желтоқсан 2019 12:19

Мәулен Әшімбаев Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәулен Әшімбаев Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мәулен Әшімбаев Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта. 

Мәулен Әшімбаев шілдеден бастап Президент көмекшісі қызметінен атқарды. Оған дейін ол Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған еді. 

Осыған дейін, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін Дархан Кәлетаев атқарған еді. 

Мәулен Әшімбаев Президент көмекшісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. 

Ол 2018 жылы 1 ақпаннан бастап "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым - қараша аралығында - Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 2006-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети